Жаңалықтар

Бесқарағай колледжінің студенттері мен оқытушылары  жастар жылына арналған   трансляциясын көріп, қызығушылықпен тыңдадық,еліміздің жастарының  сөздерімен істері бізді қызықтырып, мақтан тұтқызды. Алдымызға бізде сондай болсақ деген мақсат  қойдық,ол үшін бізге колледжде бар жағдай жасалуда.

ШҚО ББ «Бесқарағай колледжі» КММ ТМ -221 «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» тобында «стартердің жұмысы және құрлысы» тақырыбында сабақ өткізілді.

Студентер оқытушының түсіндіруін қызығушылықпен тыңдай отырып, көрнекі құрылдарды,  стартер құрлысын көрсете алды.

28  қараша күні Бесқарағай коледжінде тұнғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттер Елбасының өмірбаянымен саяхат түрінде таныстырылды. Тәрбие сағаты патриоттық сезім, рухани адамгершілік, студенттердің білімдерін арттыру аясында өткізілді.

2018 жылғы 29 қараша күні Бесқарағай колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президент күніне орай колледж студенттері мен мектеп оқушылары  арасында «Ғажайып алаң»  ойыны өткізілді. Аталған іс-шараға Борас бала-бақша және Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушылары шақырылды.

Іс-шара Колледж студенттері мен ұстаздарының «Алға Қазақстан!» флеш-мобымен ашылды.

Ойын барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.

Көрермендермен ойын өткізіліп, Үлкен Владимировка орта мектебінің ұстазы жеңімпаз аталып, сыйлыққа ие болды.

«Ғажайып алаң» ойынының мәресіне бірінші курс студенті Смагулов Рахат жетті.

Барлық қатысушылар бағалы сылықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.

Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу, оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату мақсатында 29 қазан күні  студенттер арасында «Стандарты оказания услуг –гарантия минимазиции коррупции» тақырыбында брейн-ринг өткізілді.

Студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу мақсатында  2018 жылғы  26 қазан күні колледж конференцзалында  «Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаты өткізілді.

2018 жылғы 26 қазан күні Бесқарағай колледж студенттері екі тілде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының жиырма жылдығы» тақырыбында эссе жазды.